Skip to main content

Жалпы ақпарат


"Уиллис Тауэрс Уатсон сақтандыру брокері (Қазақстан)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасы, Алматы 050000, Қонаев көш., 77
+7 727 232 1122
Дүйсенбі - Жұма, 9:00 - 18:00

Акционерлер

WILLIS INTERNATIONAL LIMITED (100%-дан 99%)
Ұлыбритания, Лондон EC3M 7DQ, Лайм Стрит, 51

WILLIS EUROPE BV (100%-дан 1%)
Ұлыбритания, Лондон EC3M 7DQ, Лайм Стрит, 51

Басшылық

Омархан Тасбатырович Тлеугабылов
Бас директор
2018 жылғы 27 шілде

Жанна Алтаевна Мусина
Бас бухгалтер
2018 жылғы 17 қыркүйек

Тіркеу мәліметтері

Тіркеу туралы анықтама қоса беріледі

Жүктеу
Тақырып Файл түрі Файл көлемi
Certificate-of-Registration PDF .1 mb
Certificate-of-Re-Registration PDF .86 mb

Лицензия

2019 жылғы 16 қаңтардағы № 2.3.31 сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия қоса беріледі

Жүктеу
Тақырып Файл түрі Файл көлемi
License PDF .8 mb

Қызмет түрі

  1. өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
  2. өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
  3. сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультациялық қызмет;
  4. сақтандыруға (қайта сақтандыруға) заңды тұлғаларды тарту;
  5. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының көрсететін қызметтеріне және қаржылық жай-күйіне салыстырма талдау жүргізу;
  6. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге салыстырма талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинау;
  7. клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемшарттарын әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсету;
  8. сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеу, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинау;
  9. сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ресімдеу;
  10. сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін жинау;
  11. клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру;
  12. сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кезде наразылықтарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды ресімдеу
  13. сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына қатыты кеңестер беру және жәрдем көрсету;
  14. сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды берілген өкілеттіктерге сәйкес ресімдеу;
  15. сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін кейіннен оларды сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинау;
  16. сақтандыру жағдайы басталған кезде мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша залалдарды қарастыру және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындау;
  17. залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау бойынша сарапшылар көрсететін қызметтерді ұйымдастыру;
  18. оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару.

Қаржылық есептілік

Аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілік қоса беріледі

Ассоциацияларға қатысу

Компания 2019 жылғы 22 ақпаннан бастап "Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы" ЗТБ мүшесі болып табылады

Жүктеу
Тақырып Файл түрі Файл көлемi
Certificate-of-membership PDF .4 mb

Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру

2018 жылғы 29 желтоқсандағы № Р01-6000-0000145692 сақтандыру шарты

"Халық" сақтандыру компаниясы" АҚ

Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандырылған кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру жағдайының туындауынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына тигізген зиянды және/немесе мүлкіне тигізген физикалық залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте өтеу міндетімен байланысты Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандырылған кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде жіберілген кездейсоқ қателерінің және/немесе жетімсіздіктерінің нәтижесінде үшінші тұлғалардың (жәбірленушілердің) өміріне, денсаулығына тигізген зиянды және/немесе мүлкіне тигізген физикалық залалды өтеу бойынша Сақтанушының (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісі сақтандыру жағдайы болып табылады.

Әрбір жағдай бойынша KZT 632,515,000, бірақ жылдық жиынтық сомасы KZT 793,650,000

2018 жылғы 1 қарашадан бастап 2019 жылғы 30 маусымға дейін, екі күн де қоса алынған